Спорт журналисі Аслан Қаженов Назгүл Әмірбекке берген сұхбатында Назым Қызайбайға қатысты оқиғаны ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Назым Қызайбайдың сұрағы арқылы жылатып қойғанын мойындады.
"Назымды мен жылатып қойдым. Сол кезде қатты сынға алды. "Аслан, неге жылатасың, ол біздің батыр қызымыз ғой" деді. Кейін Назыммен сөйлестім, ол маған рахмет айтты. "Жеңілдеп қалдым" деді. Неге екенін білмеймін, миымда Назым алтын алатын сияқты болып тұрды. Жеңіліп қалғанын мүлдем қабылдай алмадым. Назым да жеңілгеніне ашуланып тұр. "Назым, осы қолаға қанағаттанып тұрсың ба, әлде "әттеген-айың" бар ма" деп сұраймын. Негізі дұрыс емес сұрақ қой. Ішімнен мен қанағаттанбай тұрмын. Ол да толқып, орамалына көз жасын сүртіп, жылап қалады. Кейін медаль таққаннан кейін кездестік. "Назым, бізге ренжіп жатыр" деп айтып түсіндірдім. Ол да түсініп тұр. Қыздар боксында Назым ғана медаль алып тұр. Батыр қыз ғой нағыз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін журналиске сұхбат беріп тұрған Назым Қызайбайдың жылап жібергенін жазған едік. Көрген халық журналист спортшыға психологиялық қысым көрсетті деп айыптады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Журналистің "қолаға қанағат етесің бе?" деген сұрағына "Әттеген-ай бар. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да, қолаға шүкір етеміз", - деп жауап берген Назым Қызайбай журналиске берген сұқбатының соңында жылап жіберген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!