Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының тоғызыншы күнінде еліміздің намысын қорғайтын барлық былғары қолғап шеберіміз шаршы алаңға көтеріледі.
Ширек финалға шыққан Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан құрамасының боксшылары бүгін жартылай финалға берілер жолдаманы сарапқа салады. Күндізгі кездесулерде төмендегі шаршы алаң майталмандары кездеседі:
49 келі. Біржан Жақыпов ( Қазақстан) – Энтони Чакон (Пуэрто-Рико)
56 келі. Қайрат Ералиев (Қазақстан) – Робейси Карразан (Куба)
64 келі. Мерей Ақшалов (Қазақстан) – Ермек Сәкенов (Қырғызстан)
75 келі. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) – Богдан Джуратони (Румыния)
Бұл төрт кездесулердің ішіндегі 56 келідегі бақ сынайтын Қайрат Ералиевтың қарсыласы аса мықты кубалық боксшы. Ол Лондон Олимпиадасында алтыннан алқа таққан болатын.
Кешкі кездесулерде бақ сынайтын былғары қолғап шеберлеріміз:
52 келі. Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) – Эндрю Селби (Уэльс)
69 келі. Данияр Елеусінов (Қазақстан) – Винченцо Манджакарпе (Италия)
81 келі. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) – Сумит Сангван (Үндістан)
60 келі. Берік Әбдірахманов (Қазақстан) – Луис Диаз (Венесуэла)
+ 91 келі. Иван Дычко (Қазақстан) – Сатиш Кумар (Үндістан)
Бұл кездесулерде 69 келіде шаршы алаңға шығатын Данияр Елеусіновтың қарсыласы мықты босшылардың санатына жатады. Ол Даниярды Лондон Олимпиадасының ¼ айналымында сүріндірген болатын. Енді жерлесімізге кеткен есені қайтаруға мүмкіндік туып отыр. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz