Жүкембаев әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жүкембаев әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Фото ©️ meta-ratings.kz

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) WBC чемпиондық атағына ие Альберто Пуэльоны (23-0, 10 КО) жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Батыр жекпе-жекке шақырған доминикандық боксшы кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген. 23 рет шаршы алаңға шығып, бәрінде қарсыласынан басым болған. 

"Маған жартылай орта салмақтағы WBC чемпиондық атағы керек. Альберто Пуэльо, осы жекпе-жекті өткізейік, – деп жазды боксшы. 

Қазақстандық боксшы өз жазбасында WBC ұйымының ресми аккаунтын, президенті Маурисио Сулейман мен ProBox TV арнасын белгілей кеткен. 

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев 22 мамыр күні Плант-Ситиде (АҚШ) украиналық Иван Редкачпен жұдырықтасып, қарсыласын 5-раундта нокаутпен жеңген болатын.