Жозе Моуриньюдің антирекорды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Жозе Моуриньюдің антирекорды

Лондондық «Челсидің» бас бапкері Жозе Моуринью Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойынындағы жеңілісінен кейін антирекорд орнатты, деп хабарлайды Спорт-Экспресс газеті.

БӨЛІСУ

Басылым бұл туралы: «Португалдық маманның жетекшілігіндегі клуб осымен төртінші мәрте бұл турнирдің жартылай финалында сүрініп отыр. Өткен үш маусымда да Моуриньюдің «Реалы» 1/2 финалдан аса алмаған болатын. 2009/10 маусымында «Интерді» жаттақтырып жүрген кезде ғана Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды», - деп жазады.

Естеріңізге сала кетсек, мадридтік «Атлетико» командасы Лондонда «Челси» клубын 3:1 есебімен жеңген болатын. Енді «Атлетико» Лиссабонның «Эштадиу да Луш» стадионында өтетін финалдық ойында «Бавария» клубын 5:0 (4:0, 1:0) есебімен жеңген мадридтік тағы бір клуб «Реалмен» кездесетін болады.

Финалдық ойын мамыр айының 24-і күні өтеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: www.yasgroup.ir