Әлемдегі ең мықты бапкерлер қатарынан табылатын Жозе Моуринью келесі жылы "Манчестер Юнайтед" командасын жасыл алаңға алып шықпақ. Португалдық маман 2019 жылға дейін келісім жасаған. Ал, ағылшындық " Манчестер Юнайтед" командасының қазіргі жаттықтырушысы Луи Ван Гал отсавкаға кететіні мәлім болды.
53 жастағы білікті маман командаға келмей жатып францияның "ПСЖ" сапында өнер көрсететін Златан Ибрагимовичке өз командасында болуға ниет танытқан екен. Златанның соңғы уақытта қазіргі команда басшылығымен ара қатынасы нашар екені спорт сүйер қауымға таныс жағдай. Жозе бапкердің жаңа команданы қалай жаттықтыратыны келесі маусымда белгілі болады. Бұған дейін испаниялық "Реал Мадрид" италиялық "Интер" ұлыбританиялық "Челси" сынды азулы командаларды жаттықтырған бапкердің әлі де болса мықты екені белгілі.
Луи ван Галдың қазіргі командасы 33-ші турдан кейін 56 ұпай жинап бесінші орынды еншіледі.