"Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
Тағылған айып
Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры К.Дөңсебаевқа үкім шығарды.
Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімі
Залал толық өтелуіне және ауыр сырқат болуына байланысты Дөңсебаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен қатар, 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!