
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақтағы жаңартылған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орта салмақта да өзгерістер болып, үшінші сатыдағы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) бірінші орынға шықты.
Одан кейін ұлыбританиялық Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) бен Крис Юбенк (34-3, 25 КО) тұр.
Мұның алдында WBC ұйымның орта дивизионындағы чемпион доминиканалық Карлос Адаместі (24-1-1, 18 КО) Нұрсұлтановқа қарсы жепке-жек өткізуге міндеттеген еді. Алайда чемпион бұл айқастан сытылып кететін амал тапқан.
Бұған дейінгі кездесулер
Мейірім Нұрсұлтанов кейінгі рет 2023 жылы қарашада жұдырықтасып, чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) жеңген еді. Одан кейін 2024 жылы шілдеде рингке шығуы керек болған, бірақ ол кездесу өтпей қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!