Жеңіл атлетикадан барлық әлем рекордтары жоққа шығарылуы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жеңіл атлетикадан барлық әлем рекордтары жоққа шығарылуы мүмкін
Фото ©️ google.kz

Жеңіл атлетика спорты бойынша барлық әлем рекордтары өз күшін жоюы мүмкін. Мұндай бастаманың көтерілуіне спорттағы допинг дауы себеп болып отыр.

БӨЛІСУ

Халықаралық спорттық баспасөз қауымдастығының басшысы (AIPS) Джанни Мерло Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының (IAAF) президенті Себастьян Коуға осы спорт түрінен барлық әлем рекордтарын жоққа шығаруды ұсынды. Осыған дейін мұндай бастаманы Ұлыбритания жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Эд Уорнер де көтерген еді.

Жеңіл атлетикадан барлық әлем рекордтарының күшін жою бірден қабылдана салатын шешім емес. IAAF бұл ұсынысты арнайы талқылап, саралайтын болады. Ал ұсыныс білдірушілер барлық әлем рекордтары алынып тасталса, жеңіл атлетика спортының «жаңа тынысы» ашылар еді деп бағалайды.

Айта кетейік, 2016 жылдың жазында әлемді шулатқан допинг дауы шыққан болатын. Көптеген спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатыса алмаған-ды. Әсіресе ресейлік спортшылар төртжылдықтың басты додасынан шет қалған еді.