Жеңіл атлетикадан ӘЧ: Үшінші күн

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Жеңіл атлетикадан ӘЧ: Үшінші күн

Жеңіл атлетикадан Мәскеуде өтіп жатқан әлем біріншілігінің үшінші күнінде алты бірдей медальдар жиынтығы үлестірілді.

БӨЛІСУ

Жарыс қожайындары Ресей құрамасы бұл күні өз қоржынын екі қоламен толтырды: Антонина Кривошапка 400 метрге жүгіру сайысында үшінші келсе, Сергей Шубенков ешкім күтпеген жерден 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола медальға ие болды. Осылайша көршіміз медальдар жарысында әзірге жетінші орынға тұрақтап тұр. Ал көшбасында бұрынғыдай американдық атлеттер. Оларда 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль бар. Одан кейінгі орында Ямайкалық желаяқтар командасы (2 алтын және 1 қола). Үздік үштікті 2 алтынмен Ұлыбритания спортшылары қорытындылап тұр.

Сонымен кешегі күн кімдер үшін сәтті болды дегенге тоқталсақ:

КРИСТИНА ОХУРОГУ (Ұлыбритания), 400 метрге жүгіру (әйелдер)

1

Бұл сайыста Охурогу бұрынғы чемпион ботсваналық Аманта Монтшомен бірдей нәтиже көрсеткенмен (49,41), фотофиниш жеңісті британиялыққа сыйлады. Ал ресейлік Антонина Кривошапка қола медальға қол жеткізді (50,98).  

ДЭВИД ОЛИВЕР ҚШ), 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру (ерлер)

2

АҚШ атлеті Оливер жылдың үздік нәтижесін көрсетіп (13,00), алтыннан алқа тағынды. Екінші болып мәре сызығын оның отандасы Райан Уилсон кесті (13,13). Ал қола ешкім күтпеген жерден ресейлік Сергей Шубенковке бұйырды (13,24).

РАФАЭЛЬ ХОЛЬЦДЕППЕ (Германия), сырықпен секіру (ерлер)

3

Ал бұл жарыс түрінде нағыз сенсация орын алды. Олимпиада чемпионы, француз Рено Лавиллени белгіленген биіктікті үш мүмкіндікте де бағындыра алмаса, ал неміс Рафаэль 5,89 метрге қарғып, әлем чемпионы атанды. Қола медальды тағы да бір Германия атлеті Бьорн Отто иеленді (5,82).

ВАЛЕРИ АДАМС (Жаңа Зеландия), ядро лақтыру (әйелдер)

4

Әйелдердің ядро лақтыру жарысында оқиғаның барлығы ел күткендей сценариймен өрбіді. Бұл жерде 20,88 метрді бағындырған екі дүркін Олимпиада чемпионы Валери Адамсқа тең келер ешкім болмады. Күміс неміс Кристина Шваницте (20,41). Ал қола қытайлық Лицзяо Гун қанжығасында кетті (19,95).  

ШЕЛЛИ-ЭНН ФРЕЙЗЕР (Ямайка), 100 метрге жүгіру (әйелдер)

5

Әйелдер арасындағы ұшқырлар жарысында 10,71 секунд нәтижесін көрсеткен Олимпиада чемпионы Шелли-Энн Фрейзер алтыннан алқа тағынса, екінші болып Кот-д'Ивуар елінің үміті Мюриэль Аур келді. Үштікті американдық Кармелита Джетер қорытындылады (10,94).  

ПАВЕЛ ФАЙДЕК (Польша), балға лақтыру (ерлер)

6

Ең ауыр жарыс түрінің бірі балға лақтыруда 81,97 метр нәтижесін көрсеткен поляк спортшысы Павел Файдектің бағы жанды. Күмісті қазіргі Олимпиада чемпионы венгр Кристиан Парш жеңіп алды (80,30), қола медаль чех Лукаш Мелихте кетті (79,36).

Айта кетейік, еліміздің жеңіл атлеттері әзірге жеңіс тұғырынан көрінбек түгілі, финалдық кезеңге өте алмауда.

Енді бүгін 13-тамыз күні өтетін жарыстың басты бәсекелеріне назар аударайық:

21:00 (Астана уақытымен) Диск лақтыру. Ерлер. ФИНАЛ

21:05 – 400 м кедерлігер арқылы жүгіру. Әйелдер. Жартылай финал.

21:35 –Сырықпен секіру. Әйелдер. ФИНАЛ

Фавориттер: Елена Исинбаева (Ресей), Ярислей Сильва (Куба), Джен Сур (АҚШ)

21:40 – 400 м кедергілер арқылы жүгіру. Ерлер. Жартылай финал

22:10 – Жетісайыс. Әйелдер (800 м). ФИНАЛ

22:40 – 1500 м жүгіру. Әйелдер. Жартылай финал

23:10 – 800 м жүгіру. Ерлер. ФИНАЛ

Фавориттер: Мұхаммед Аман (Эфиопия), Дуэйн Соломон (АҚШ)

23:25 – 3000 м стипльчез. Әйелдер. ФИНАЛ

Фаворит – Мелцах Чеива-Чемос (Кения)

23:50 – 400 м жүгіру. Ерлер. ФИНАЛ

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ru.focus.lv