Жеңіл атлетикадан ӘЧ: Алтыншы күн

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Жеңіл атлетикадан ӘЧ: Алтыншы күн

Жеңіл атлетикадан Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы күнінде алты бірдей медальдар жиынтығы ойнатылды.

БӨЛІСУ

Сонымен сейсенбі күні жарысты қабылдаушы ел Ресей құрамасынынң қоржынына Екатерина Конева үш қарғып секіруден күміс алып келді. Осылайша Ресей сегіз медальға ие болып отыр: үш алтын, үш күміс және екі қола.

Ал медальдар жарысында ресейліктер енді Кениямен бірге (оларда да дәл осындай медаль) екінші орынды бөлісіп тұр. Көш басында бұрынғыдай АҚШ атлеттері келе жатыр. Оларда жалпы саны 14 медаль бар. Олардың төртеуі алтын.  

Сонымен кешегі күні кім және қай спорт түрінен топ жарды дегенге келейік.

ЭЗЕКИЛЬ КЕМБОЙ (Кения), 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру

1

Жеңімпаз 8 минут 06,01 секунд уақытын көрсетті. Екінші келген оның отандасы Консеслус Кипруто 8,06.37 нәтижесін көрсетсе, қоланы франциялық Майедин Мехиси-Бенаббад (8,07.86) иеленді.

Айта кетейік, Кембой бұл жарыста осыған дейінгі әлем чемпионы деген атағын да қорғап қалды.

ЗУЗАНА ХЕЙНОВА (Чехия), 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру

2

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Зузана Хейнова бұл аралықты 52,83 секундта жүгіріп өтіп, чемпион атанды. Күміс пен қоланы американдықтар Далила Мухаммед (54,09) пен Лашинда Диму (54,27) алды.

ДЖИХЬЮ ГОРДОН (Тринидад және Тобаго), 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру 

3

Жеңімпаздың уақыты – 47,69 секундты құрады. Екінші болып мәре сызығын американдық Майкл Тинсли (47,70) кесті. Қола Эмир Векричке (48,05) бұйырды.

КАТРИН ИБАРГУЭН (Колумбия), үш қарғып секіру

4

Ибаргуэн көрсеткен үздік нәтиже – 14,85 метр болды. Күмісті ресейлік Екатерина Конева (14,81) иеленді. Үшінші орынға Олимпиада чемпионы Ольга Саладуха (14,65) табан тіреді.  

БОГДАН БОНДАРЕНКО (Украина), биіктікке секіру

5

Бондаренко екінші мүмкіндігінде-ақ 2,41 метрді бағындырып, әлем чемпионатының рекордын жаңартты. Күміс 2,38 метрді алған катарлық Мутаз Эссе Баршимде. Қола медаль каналадық Дерек Друинде кетті. Ол Баршиммен бірдей нәтиже көрсеткенмен, бұл биіктікті ол тек екінші мүмкіндігінде ғана алды.  

АБЕБА АРEГАВИ (ШВЕЦИЯ), 1500 метрге жүгіру

6

Әлем чемпионына бұл қашықтықты жүгіріп өтуге 4 минут 2,67 секунд қана уақыт керек болды. Екінші болып американдық Дженнифер Симпсон (4.02,99) келді. Үшінші орын Кения елінің жүйрігі Хеллен Онсандо Обириде (4.03,86).   

Ал енді назарларыңызға бүгін болатын басты жарыс бәсекелерін ұсынамыз:

21:00 (Астана уақытымен) – Балға лақтыруӘйелдер. ФИНАЛ

Фавориттер: Татьяна Лысенко (Ресей), Анита Влодарчик (Польша)

21:05 – 1500м. Ерлер. Жартылай финал

21:30 – Ұзындыққа секіруЕрлер. ФИНАЛ

21:40 – 200м. Ерлер. Жартылай финал

22:10 – Ядро лақтыруЕрлер. ФИНАЛ

Фаворит: Райан Вайтинг (АҚШ)

22:15 – 800м. Әйелдер. Жартылай финал

22:45 – 5000м. Ерлер. ФИНАЛ

Фаворит: Мохамед Фара (Ұлыбритания)

23:15 – 200м. Әйелдер. ФИНАЛ

Фавориттер: Элисон Феликс (АҚШ), Шелли-Энн Фрейзер-Прайс (Ямайка)

23:30 – Эстафета 4 х 400м. Ерлер. ФИНАЛ

Фаворит: АҚШ.

Бұл жарыстардың қалай аяқталғандығы жөнінде біз сіздерге ертең хабарлайтын боламыз. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rus.ruvr.ru