"Жекпе-жек жақындады". Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа жетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Жекпе-жек жақындады". Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа жетті
Фото ©️ Janibek Alimkhanuly team

14 шілде күні таңда қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жекпе-жекке шығады. Ол Лас-Вегаста жаңазеландиялық (тегі ресейлік) Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады. 

БӨЛІСУ

Qazaq style екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін Лас-Вегасқа жетті. 

Лас-Вегасқа аман-есен жетіп алдық, - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TEAM JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_qazaqstyle)

Қазақстандықтар Жәнібектің жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалай алады. Qazaqstan және QazSport арналары бокс кешінен хабар тарататын болады. Боксшы кеше ғана жылдам нокаут болатынын айтқан еді

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылдың қазан айында жекпе-жекке шыққан еді.