Жаттықтырушы жекпе-жек алдында спортшыға не айтқанын түсіндірді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>

Өткен аптада қазақстандық спортшы Қазбек Сағынның жекпе-жек алдындағы әрекеті әлеуметтік желіге жылдам тараған еді. Бұған қатысты спортшының бапкері түсінік бере кетті, – деп хабарлайды Tengri Sport.

БӨЛІСУ

Спортшыға қолдау білдіріп, демеу көрсеткен жаттықтырушысы Эдуард Базров болатын. Оның сөзінен кейін спортшы әсері басқаша болған еді. 

"Әр спортшының жекпе-жекке шығуы әртүрлі. Біреулер өздері дайындалып, өздері күш-жігерін бойына жинап шығады. Біреулерге қолдау керек, демеу беру маңызды. Мен де соны жасадым, ал ол көзін жұмып, жекпе-жек жайын елестеткен болуы керек. Ол өзін осылай дайындады. Сондықтан да солай көрінді... Адамды танып, оған күш беретін сөз айту керек. Кейде жаттықтырушылар ойын дұрыс айтпай, спортшыны қайрай алмай жатады. Үш жарым жыл ішінде бір-бірімізді жақсы түсінісетін болдық. Оны жігерлендіретін сөздерді жақсы білемін. Өзі де іштей дайын болып шығады. Менің сөзімде еш құпия жоқ. Жанында екенін айтып, бұрышта тактикалық бағдар беріп тұратынымызды айттым. Мықты екеніңді дәлелде дедім", – дейді Эдуард Базров. 

Эдуард Базров қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты да жаттықтырады.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NAIZA FIGHTING CHAMPIONSHIP (@naiza.mma)

Айта кетейік, жекпе-жек алдындағы әрекеті әлем назарын аударған Қазбек Сағын бразилиялық Мурило да Сильваны айқын жеңіп шыққан болатын.