«Жасыл карта» алған тарихтағы тұңғыш футболшы

Марғұлан Ақан Корреспондент
Марғұлан Ақан>
«Жасыл карта» алған тарихтағы тұңғыш футболшы

«Жүре берсең көре бересің». Бірақ бұл мүлде басқа дүние. Жақында болған Италияның ішкі чемпионатында «Виченца» клубының шабылушысы Кристиано Галано футбол тарихында алғаш рет «жасыл карта» алды. Әдеттегі «қызыл» және «сары» картадан бөлек «жасыл» карта да пайда болды. Былайша айтқанда, енді футболдың өз «бағдаршамы» бар.

БӨЛІСУ

Бұл жағдайдың орын алуына шабылушы ойынның 53 минутында бұрыштама добын орындаудан бас тартқаны себеп болды. Өйткені төрешіге шындығын айтып, ешқандай қателік орын алмағанын және де бұрыштама добының керек емес екенін айтқандықтан, оған футболдағы адалдығы үшін «жасыл карта» көрсетілген.

Ең қызығы ендігі жерде ең көп «жасыл карта» алған ойыншылар арнайы сыйға ие болады.