Жастар құрамасы "Достастық кубогына" дайындықтарын бастады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Жастар құрамасы "Достастық кубогына" дайындықтарын бастады

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиындарын бастады. Бұл туралы Қазақстан футбол одағының баспасөз қызметі хабарлады.

БӨЛІСУ

Саулюс Ширмялис жаттықтыратын қазақ футболшылары түрік топырағында 15 қаңтарға дейін жаттығу жұмыстарын өткізеді. Содан кейін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін "Достастық кубогына" қатысады.

Жастар құрамасы жаттығу жұмыстары аясында 9 қаңтар күні түркиялық "Uşak Sportif Gençlik Spor" командасымен кездессе, 12 қаңтар күні германиялық "Айтрахт Франкфурт" командасымен ойнайды.

Бас бапкер жаңа жылдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына мына футболшыларды шақырды: 

Қақпашылар – Станислав Павлов («Ақтөбе»), Андрей Неупокоев («Ақжайық»), Владимир Грошев («Қайрат»);

Қорғаушылар – Берік Шайыхов («Астана»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Рафқат Аслан («Тобыл»), Ислам Шадуқаев («Бәйтерек»), Григорий Сартаков («Ертіс»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Дмитрий Рыбалко («Оқжетпес»), Павел Халезов («Астана»);

Жартылай қорғаушылар – Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Мирас Түлиев («Каспий»), Ринат Хайруллин («Астана»), Иван Антипов («Ақжайық»), Магамед Узденов («Ақжайық»), Рауль Джалилов («Тобыл»), Антон Куксин («Оқжетпес»), Алексей Родионов («Атырау»);

Шабуылшылар – Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Рауан Сариев («Ордабасы»), Әлішер Сүлей («Ертіс»), Максим Федин («Бәйтерек»).

Бапкерлер құрамында аға жаттықтырушы Саулюс Ширмялистен бөлек, Йосиф Шкырлик, Андрей Феропонтов, және қақпашылар жаттықтырушысы Игорь Кулиш бар.

Естеріңізге сала кетсек, "Достастық кубогы" 16-25 қаңтар аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтеді. Қазақстан жастар құрамасы "С" тобында Оңтүстік Африка, Литва және Тәжікстан жастарымен сынға түседі.

Сурет: kff.kz