Бокстан 22 қазан - 3 қараша күндері аралығында Будва (Черногория) қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионаты жерлестеріміз үшін өте табысты аяқталды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
25 боксшымыз сынға түскен айтулы бәсекеде Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жалпы есепте бірінші орынға ие болды. Отандастарымыз 6 алтын, 1 күміс, 10 қола еншіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
67 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Төрехан Сабырхан жарыстың ең үздік боксшысы атанды. Ол финалда кубалық боксшыдан айласын асырды.
Айта кетейік, Будвадағы әлем чемпионатын Халықаралық бокс федерациясы (IBA) ұйымдастырды. Әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшыға IBA 8 000 АҚШ доллары (3,9 млн теңге) көлемінде сыйақы берілді. Күміс жүлдегер - 4 000 доллар (1,9 млн теңге), қола жүлде иесі 2 000 доллар (970 мың) алды. Сондай-ақ ширек финалға дейін жеткендер де 1 000 доллардан (490 мың) иеленді.
Әлем чемпиондары:
🥇Боранбек Бексұлтан (51 келі)
🥇Төрехан Сабырхан (67 келі)
🥇Өнер Сейілхан (71 келі)
🥇Санжар-Али Бегалиев (75 келі)
🥇Елянур Турганова (50 келі)
🥇Аружан Зейноллаева (81 келі)
🏆Жалпы жүлде кестесі:
Қазақстан – 🥇6 алтын, 🥈1 күміс,🥉10 қола
Өзбекстан – 🥇5 алтын,🥈5 күміс, 🥉3 қола
Ресей – 🥇5 алтын, 🥈2 күміс,🥉1 қола
Қытай – 🥇3 алтын,🥈3 күміс, 🥉4 қола
Ирландия – 🥇3 алтын,
Түркия – 🥇1 алтын,🥈2 күміс,🥉3 қола
Солтүстік Корея – 🥇1 алтын,🥈1 күміс
Мексика – 🥇1 алтын,🥉1 қола