Жас шабуылшы "Шахтермен" келісімшартын ұзартты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жас шабуылшы "Шахтермен" келісімшартын ұзартты
Фото ©️ reuters, shakhter.kz

Ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынында алаңға шыға сала гол соққан жас шабуылшы Оралхан Өміртаев қазіргі командасы "Шахтермен" келісімшартын ұзартты. Бұл туралы қарағандылық команданың баспасөз қызметі хабарлады.

БӨЛІСУ

Қарағанды футбол мектебінің түлегі түнде Грузияға қарсы өткен ойында соңғы минутта алаңға шығып, гол соққан еді. Бүгін футболшы "кеншілермен" келісімшартын ұзартты. Жаңа келісім бойынша ол 2019 жылғы маусымның соңына дейін "Шахтерда" ойнайды.

Осы маусымда Оралхан Өміртаев қарағандылық команда сапында 23 ойынға қатысты. 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Барлығы 1027 минут алаңда ойнаған.

Қазақстан құрамасы сапында алғашқы ойынына шығып, алғашқы голын соғып үлгерген шабуылшының болашағына қазақ футболы жанкүйерлері зор үмітпен қарайды.


Айта кетейік, бүгін "Шахтер" командасы негізгі қақпашы
Игорь Шацкиймен де келісімшартын ұзартты.