Жас қазақ джиу-джитсу шеберлері қырғыз жерінде өткен турнирде атой салды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жас қазақ джиу-джитсу шеберлері қырғыз жерінде өткен турнирде атой салды
Фото ©️ Нұрсұлтан Орынбасаров

Қазақстандық "Sagadat batyr QTT" спорт клубының жас джиу-джитсу шеберлері Қырғызстанның Ош облысында өткен "Alay open" халықаралық турнирінен олжалы оралды.

БӨЛІСУ

Аталған турнирге "Sagadat batyr QTT" спорт клубынан 7 мен 17 жас аралығында - 23, ал ересектерден 4 спортшы қатысты. Барлығы 27 спортшының 20-сы жүлделі орыннан көрініп, ел абыройын асырды. Олай дейтініміз, 20 жүлденің 15-і алтын медаль. Сондай-ақ 5 күміс, 5 қола медаль еншіледі.

"Alay open" халықаралық турниріне "Sagadat batyr QTT" спорт клубының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров та қатысты. Бір жылға жуық жарыстарға қатыспаған спортшы шәкірттерінің алдында жеңісті қолдан берген жоқ. Өз салмағында үздік шығып, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ осы клубтың жаттықтырушысы Самат Айтпанбет те намысты қолдан бермей, команда қоржынына алтыннан алқа қосты.

Талай жарыстарда жігіттердің де жауырынын жер иіскетіп жүрген 11 жасар Жібек Құлымбетова да қырғыз жерінде қаймығып қалған жоқ. Қырғыз, өзбек, тәжік спортшыларын тізе бүктіріп, алтын медаль жеңіп алды.