22-24 қараша күндері Жапонияның Осака қаласында дзюдодан "Үлкен дулыға" санатындағы жарыс өтеді. Жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады.
Күншығыс еліндегі жарыста 10 дзюдошымыз бақ сынайды. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те бар.
Ерлер:
Рустам Ибраев (-60 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Жанболат Багтбергенов (-73 кг)
Руслан Мусаев (-81 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, "Grand Slam" жарысында жеңімпаз атанған спортшыларға әлемдік рейтингте 1000 ұпай қосылады. Екінші орынға – 700, үшінші орыннан көрінген дзюдошы 500 ұпайға ие болады.