Жапония премьер-министрі 2020 жылы құлтемірлер Олимпиадасын өткізуді ұсынады

Жолдас Өрісбай Корреспондент
Жолдас Өрісбай>
Жапония премьер-министрі 2020 жылы құлтемірлер Олимпиадасын өткізуді ұсынады

Жапонияның премьер-министрі жаңа технологияның мүмкіндіктерін арттыру мақсатында құлтемірлердің Олимпиадасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды betabeat.com сайты.

БӨЛІСУ

"Мен 2020 жылы дүние жүзінің құлтемірлерін жинап, әлемдік біріншілікте өз мүмкіндіктерін сынап көрулерін қалаймын. 2020 жылы өткізілетін 32-нші жазғы Олимпиада ойындарының Токио қаласында болатындығынан, мен осы тұңғыш құлтемірлердің Олимпиадасын өткізуге шақырамын", - деді Синдзо Абэ баспасөз мәслихатында.

Егер премьер-министрдің ұсынысы қабылданатын болса, осыған дейін зауыт не фабрикаларда белгігі бір қызметті атқарған құлтемірлер енді жеңіл атлетика немесе өзге де күрделі болмаған спорттық жарыстарда өнер көрсететін болады.

"Біз еліміздің экономикалық өсу қарқынын құлтемірлердің технологиясына бағыттамақпыз. Құлтемірлерді құрастыру алдағы уақытта үш есе арттырылып, ел дамуының негізгі стратегиялық жоспарына айналатын болады", - дейді ол өз сөзін жалғастыра отырып.

Әрине бұл Жапонияның өз қарқынын қуаттап, еңбек ресурсын жаңарту мақсатында жасалып жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын, құлтемірлердің ойлау мүмкіндіктері дамытылып, белгілі бір ортада пікір талас та тудырған болатын. Ал жапондардың мынадай ұсынысы бұрын болған риторикалық сұрақтың жойылғанын көрсетеді.

Өзіңіз көз алдыңызға елестетіп көріңіз, құлтемірлер жеңіл атлетикада немесе үстел теннисін ойнап, жарысып жатыр. Мұндағы құлтемірлердің адамдардағыдай дарыны мен қабілетіне қарай емес, олардың құрастырушылары жасаған технологиялық мүмкіндіктері ойынның барысын көрсететін болады. Ал төрешілер әлемнің үздік құлтемір құрастырушылары мен бағдарламашылары болатыны айдан анық. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: www.businessinsider.com, betabeat.com