Жансая Әбдімәлік жеке академиясын ашты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жансая Әбдімәлік жеке академиясын ашты

Еліміздің атын әлемдік аренада танытып жүрген жас шахматшы Жансая Әбдімәлік Алматы қаласында жеке шахмат академиясын ашты. Бұл туралы жаңа ғана әнші Әнуар Нұрпейісов өзінің twitter-дегі жеке парақшасында хабарлады.

БӨЛІСУ

Осыған дейін шахмат академиясының ашылуы туралы спортшы қыздың әкесі Данияр Әшіров megapolis.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеген болатын. Сонымен қатар бұл жобаны іске асыру алдында ұзақ ойланғандарын, және мұны қолға алуды жөн деп тапқандықтарын ашық жеткізген-ді. Өйткені жас Жансаяның жетістігі келешек ұрпақтың биік белестерді бағындыруына да жол ашса деген ниетін де жасырмаған еді. Ал академияның жұмысы туралы:

- Біз академияда үш топта, үш ауысыммен қызмет атқаратын боламыз. Алғашқы топты тегін жаттықтырамыз. Көп балалы отбасы мен жетім балалардан ақша алмаймыз. Екінші топтағы отбасы жағдайы орташа балаларды айына 3 мың көлеміндегі ақшамен жаттықтырамыз. Ал үшінші топқа шахматқа бейімделіп, сол жолда белсене бастаған балаларды жаттықтырамыз. Олар айына 15-20 мың теңгеден жоғары ақша төлейді.

Жаңа ғана Әнуар Нұрпейісов өзінің twitter-дегі жеке парақшасында хабарлағандай, Жансая өзінің шахмат академиясының ашылуында атақты Андрей Карповпен кездесу өткізуде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, twitter.com