Жансая Әбдімәлік гроссмейстер атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жансая Әбдімәлік гроссмейстер атанды

14 жастағы қазақстандық шахмат спортының шебері Жансая Әбдімәлік Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) шешімімен әйелдер арасында гроссмейстер атағын иеленді. Бұл туралы еліміздің шахмат федерациясы ресми сайтына сілтеме жасап vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен FIDE кезекті отырысынан кейін жерлесіміздің гроссмейстер атағын алатыны белгілі болды. Сонымен қатар, Павел Коцур (Павлодар) халықаралық төреші, ал Евгений Егоров (Павлодар) ФИДЕ төрешісі атанды. Сертификаттары мен төсбелгілерін жақын күндері алатын болады.

Қазіргі таңда Жансая Әбдімәлік Азия чемпионатына дайындалып жүр. Аламан 16-26 сәуір аралығында өтеді. Осыған дейін қазақстандық шахматшы Алматы қаласында жеке академиясын да ашқан болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kazchess.kz