Жансая Әбдімәлік ерлер арасындағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Жансая Әбдімәлік ерлер арасындағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық жас талант, 13 жасар шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік ерлер арасында өткен CZECH TOUR сериясына жататын "Брно Опен 2013" халықаралық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды спортшы қыздың әкесі Данияр Әшіровке сілтеме жасаған Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Бұл жарыста 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлемнің вице-чемпионы мүмкін болған 9 ұпайдың 7,5-ына қол жеткізді. Турнир кезінде ол алты мәрте жеңіске жетіп, үш рет қарсыластарымен тең ойнады. Бірде-бір рет жеңіліске ұшырамаған жерлесіміз осы жеңісінен соң рейтингісіне 30 ұпай қосты. Жарыста жалпы саны 14 мемлекеттен 69 шахматшы қатысты.     

Айта кетейік, одан бөлек Жансая Әбдімәлік елімізде өтіп жатқан "Халықтың сүйіктісі" жүлдесіне "Респект-спортшы" айдары бойынша үміткерлер қатарына еніп отыр. Егер сіз Жансая Әбдімәлікті аталған сыйлыққа лайық деп танысаңыз, онда мына сілтемеге өтіп дауысыңызды бере аласыз.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: Спортшының мұрағатынан