Жанкүйерді боқтаған қазақстандық футболшы кешірім сұрады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жанкүйерді боқтаған қазақстандық футболшы кешірім сұрады
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Ақтөбе" командасының қорғаушысы Бағдат Қайров "Тобылмен" өткен ойыннан кейін эмоцияға беріліп, жанкүйерлердің бірін балағаттаған еді. Бұл сәттің видеосы интернетте тарап, жанкүйерлер сынына ұшырады. 

БӨЛІСУ

Оқиғадан кейін Бағдат Қайров ерсі қылығы үшін жанкүйерлерден кешірім сұрап, сөзге келген жанкүйермен жеке кездескенін жазды. 

«Құрметті жанкүйерлер! Ойыннан кейінгі ситуация үшін кешірім сұраймын, қандай жағдай болмасын олай айтқан дұрыс емес, эмоцияға беріліп кеттім. Кейін ол жігітпен кездестім, бір-бірімізден кешірім сұрадық. Жанкүйерлер әрдайым клуб үшін уайымдайды, сын болса көтере білу керек. Қай ойыншы шықса да командаға көмектескісі келеді, бүгінгі ойын біз үшін сәтсіз болды», – деп жазды «Ақтөбе» ойыншысы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, кеше өткен ойында "Ақтөбе" өз алаңында "Тобылдан" 4:3 есебімен ұтылып қалған еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @skazki.dugali4a