Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров  (28-0, 28 КО) 28 қыркүйек күні шаршы алаңға шықпайтын болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды msports.kz.

БӨЛІСУ

"28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын", - деп жазды боксшы. 

Жанқош Алматыда екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп күтілген еді. Қарсыласы бұрын-соңды жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын. 

Айта кетейік, бұған дейін Әнару Қалдыбекқызы есімді ару "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағымданған еді. Ал Жанқош Тұраров және оның адвокаты алғашқы күннен бастап-ақ бұл ақпаратты жоққа шығарумен келеді