Жанқош Тұраров техникалық нокаутпен жеңіске жетті (видео)

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жанқош Тұраров техникалық нокаутпен жеңіске жетті (видео)

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров мансабындағы кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Отандасымыз Колумбияда жергілікті боксшы Дунис Лианды айқын басымдықпен жеңді.

БӨЛІСУ

Колумбиялық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, 17 жеңіске жетсе, 6 кездесуде жеңіліп, екі жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен. Ал, қазақтың күрзі жұдырықты жігіті Жанқош болса кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. Сондай-ақ "Шыңғыс Хан" деген лақап атпен жанкүйерге жақсы таныс отандасымыз Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің құрлықтық чемпиондық белбеуінің иегері.

24 жастағы қазақстандық боксшы екінші орта салмақта өнер көрсетіп келеді. Дунис Лианмен өткен жекпе-жегі рейтингтік ұпайын жоғарылататын болады. Колумбияның Барранкилья қаласында өткен жұдырықтасу жетінші раундта аяқталды. Қарсыласын ауыр соққылардың астына алған колумбиялық боксшыны төреші арашалап алып қалды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров жекпе-жекке шыққан кештің басты кездесулерінің бірінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам екінші бір колумбиялық боксшы Орландо Хесус Эстраданы жеңген болатын. 

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Қанат Ислам өз атағын қорғап қалды (видео)

Геннадий Головкин жұдырықтасқысы келетін 5 боксшы

Головкин мен Монро ресми баспасөз жиынын өткізді (видео)

Вилли Монро: «Головкин қорғануды білмейді»