Жанқош Тұраров WBO белбеуін иемденді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Жанқош Тұраров WBO белбеуін иемденді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров  Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде аргентиналық Мауро Годоймен қолғап түйістірді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек 3 раундқа жалғасып, отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Intercontinential чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпқой бокста 2 жылға жуық жекпе-жек өткізбеген Жанқош Тұраров маусым айында шаршы алаңға  жеңіспен оралған болатынКардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты. 

Сондай-ақ бұл кеште өзге қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шықты. Атап айтқанда Сұлтан Зәуірбек  Грузиядан келген Георгий Гачечеладзені жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, Әли Балоев бразилиялық Хэмилтон Вентураны алтын раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен ұтты.

Ал "Қазақ королі" деген лақап атпен танымал Виктор Коточигов мексикалық Хайро Лопестен басым болып, жеңіл салмақта бос болған WBC International белбеуін иемденді.