Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров жартылай орта салмақта Солтүстік Америка (NBA) уақытша чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Отандасымыз бразилиялық боксшы Хоаким Карнейроны бірінші раундта-ақ нокаутпен ұтты.
Жаңқош Тұраров спорттық мансабындағы 18-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның 13-ін мезгілінен бұрын аяқтаған. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз бірінші раундта-ақ қарсыласынан қауқарлы екенін таныта білді.
Айта кетейік, 28 жастағы бразилиялық боксшы осыған дейін 28 кездесу өткізіп, 22-де жеңіске жеткен. Оның 20-сын нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына үміткер болған, ал қазір өз елінің супержеңіл салмақтағы (140 фунт — 63,5 кг) чемпионы болатын.