Жәнібектің қарсыласы айқас алдында батыл мәлімдеме жасады

Manas Корреспондент
Manas >
Жәнібектің қарсыласы айқас алдында батыл мәлімдеме жасады
Фото ©️ ProBox TV

Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайлович (21-0, 13 KO) орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 KO) болатын жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Әлімханұлы - Михайлович жекпе-жегі 13 шілде Лас-Вегаста болады. Бұл айқаста Жәнібектің белбеулері сарапқа салынады.

"Сайып келгенде Жәнібек менің ұлылығыма апарар сындарлы жолдағы кезекті бір жігіт қана. Біреулер айтар, ол үлкен қиындық деп, ал мен үшін бұл тағдыр. Осы үшін дүниеге келгенмін. Алғашқы күннен-ақ басымдығымды танытып, жоғары болуды және тағдырымды өз қолымда ұстауға бекінгенмін. Мен талмай жаттығамын, дұрыс тамақтанамын және әрдайым жауынгер сияқты ойлаймын, сондықтан маған қосымша мотивация керек емес. Оның үстіне екі белбеу сарапқа түседі ғой", - дейді Михайлович.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!