Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Сұлу Бөлек>
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды
Фото ©️ instagram.com/janibek_alimkhanuly

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегінде титулды міндетті түрде қорғауы керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

БӨЛІСУ

Mo Boxing No Problem басылымы мәліметінше, қазақстандықтың келесі қарсыласы жақында IBF титулына міндетті бәсекелесі жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болмақ. Олардың жекпе-жегі 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

Бұл ретте Әлімханұлы америкалық кіші Шейн Мослимен (21-4, 12 КО) жұдырықтаса алар еді. Тараптар келіссөздер жүргізді, бірақ нәтиже болмады. Кіші Мозели Golden Boy промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді және орта салмақтағы WBO NABO титулына ие. Ол - бұрынғы әлем чемпионы Шейн Мозлидің ұлы.

Әлімханұлы орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің "уақытша" иегері доминиканалық Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) да келісімге келуге тырысты.

"Мен Жәнібектің Адамеспен жекпе-жек өткізгісі келетінін білемін, бірақ өткен аптада маған бұл жекпе-жек болмайтыны айтылды", - деп жазды Boxingscene.com журналисі Лэнс Пугмир.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!