
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуір күні Астанада кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Top Rank промоутерлік компаниясы мәлімдегендей, отандасымыз француз боксшысы (тегі - конголық) Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы IBF және WBO чемпиондық атағын қорғайды.
A @QAZAQSTYLE HOMECOMING 🏠🏆
Unified Middleweight champion Janibek Alimkhanuly is set to defend his WBO & IBF titles against Congolese-French unbeaten Anauel Ngamissengue in Kazakhstan.#JanibekNgamissengue | APR 5 | @ESPNPlus pic.twitter.com/PJpAWiXVoP — Top Rank Boxing (@trboxing) February 5, 2025
Жәнібек кәсіпқой бокстағы алғашқы екі жекпе-жегін Қазақстанда өткізді. Одан кейінгі жекпе-жектері АҚШ-та өтті. Соңғы кездесуінде ғана Аустралияда жұдырықтасты.
Боксшы Анауэль Нгамиссенге Конгода дүниеге келген. Алғаш рет 12 раундтық жекпе-жекке шығады. Ал Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.