Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (6-0, 2 КО) қарсыласы белгілі болды. Боксшы 17 тамыз күні канадалық боксшы Стюрат МакЛелланмен (27-3-3, 11 КО) жұдырықтасады.
Бокс кеші Лос-Анджелестегі Banc of California Stadium аренасында өтеді. Басты жекпе-жекте екінші жеңілдеу салмақта WBO чемпионы мексикалық Эмануэль Наваррете (27-1, 23 КО) мен америкалық Франсиско де Вака (20-0, 6 КО) жұдырықтасады.
Жәнібек соңғы рет 12 сәуір күні жекпе-жек өткізді. Төрешілер шешімі бойынша мексикалық Кристиан Оливасты (16-5, 13 КО) жеңіп, WBC Continental Americas құрлықтық белбеуі мен екінші дәрежелі WBO Global атағына ие болған еді. Стюарт МакЛелланға қарсы кездесуде өз атақтарын қорғайды.
- Қарсылас кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізіп, соның тек үшеуінде ғана жеңілген. Кәсіпқой рингте тәжірибесі мол. 12 раундтық жұдырықтасудан өткен әккі боксшы. Бұйыртса жекпе-жек Лос-Анджелес қаласында өтеді. Екі белбеуді қорғаймыз! Соғысқа дайынбыз. Қазақ стилін көрсетеміз! - деп жазды Жәнібектің PR менеджері Берік Сұлтан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жәнібек Әлімханұлы пен Стюарт МакЛеллан арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.