Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) әлеуметтік желідегі пост арқылы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін хабарлады.
4 қазан Сиднейде Жәнібек жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутпен жеңді. Осыдан кейін WBO қазақстандыққа міндетті қарсылас ретінде британиялық Хамза Ширазды (21-0, 17 КО) белгіледі.
"Кез келген жерде, кез келген боксшымен жұдырықтасуға біз әрқашан дайын болғанбыз, қазір де дайынбыз!
Қазақ стилін тарихқа қашап жазамыз, бұйыртса!
Мен үшін үлкен жекпе-жектер тек чемпиондық жекпе-жек!
Бізге чемпиондар керек! Төрт титул керек! Чемпиондар қашса, қорықса, олар чемпиондар емес! Ал ақша үшін бокстасса, ол – спортшы емес, бизнесмен! Мен әлі де келесі жекпе-жегім Адамес не Ларамен болады деп үміттенемін! Командам қазір үлкен келіссөздер жүргізуде. Егер чемпиондар келіспесе, екі титулды қайта қорғаймыз!
Бұйыртса, келесі жекпе-жегім ақпан айында өтеді деп жоспарлануда! Чемпиондық жекпе-жек болады немесе WBO міндеттеген қарсыласпен өнер көрсетеміз!
Маған сенім артып, жанкүйерлік жасап жүрген барша ағайынға көп рақмет. Екі титул қолда, екеуі жолда! Құдай қаласа, ертелі-кеш 4 титулды елге алып келемін!", – деп жазыпты Жәнібек.