Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сиднейде аустралиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) 9-раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, екі бірдей чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
Жекпе-жек 9-раундта аяқталды. Жәнібектің сериялық жойқын соққыларынан кейін Андрей ес жия алмады.
Оған дейін де боксшылар шебер жұдырықтасты. Аустралиялық боксшы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалғаны байқалды.
Жәнібек қорғаныста мығым, шабуылда ширақтық танытты. Мықтылығын мойындатып, шеберлігін тағы бір рет көрсетті.
Осылайша, отандасымыз орта салмақта IBF және WBO чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты.