Жәнібек Әлімханұлы қарашада шаршы алаңға оралады

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Жәнібек Әлімханұлы қарашада шаршы алаңға оралады
Фото ©️ gettyimages.com.au

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) 9 қараша күні шаршы алаңға шығады. Бұл туралы боксшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

БӨЛІСУ

"Әлемге қазақ стилін көрсететін күн белгілі болды. Жеңісте жүздесейік!", - деп жазды боксшы. Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға 7 қараша күні шығады. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ | OFFICIAL (@janibek_alimkhanuly)19 Сен 2019 в 9:14 PDT

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 17 тамыз  күні жекпе-жек өткізді. Канадалық боксшы Стюарт МакЛелланмен (27-3-3, 11 КО) қолғап түйістіріп, бесінші раундта қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсіргеннен соң төрешілер жекпе-жекті тоқтатты.