Орта салмақта WBO және IBF чемпиондық атағына ие Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареспен (62-2-2, 39 КО) жұдырықтасқысы келеді, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Отандасымыз танымал боксшыны ақпан айында жұдырықтасуға шақырды.
Менің ойымша, тек Канелоның ғана менімен жұдырықтасуға батылы жетеді! Канело, кел, ақпанда жұдырықтасайық! Менің дивизионымда чемпиондар жұдырықтасудан қорқады! Кел, әлемге жақсы бокс көрсетейік! — деп жазды қазақстандық өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін Жәнібекпен жұдырықтасудан британдық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) бас тартқан еді. WBC чемпионы Карлос Адамес те Жәнібекпен жұдырықтасуға ниетті емес.
I think only Canelo has the courage to fight me! Canelo, let's fight in February! The champions in my division are afraid to fight! Let's show the world good boxing! — Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) November 21, 2024
Айта кетейік, Жәнібек 4 қазан күні Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутпен жеңген болатын.