Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке қашан шығатыны белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке қашан шығатыны белгілі болды
Фото ©️ Top Rank

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды.

БӨЛІСУ

Worldboxingnews ақпараты бойынша отандасымыз 19 қазан күні шаршы алаңға шығады. Бокс кеші Орландодағы (АҚШ) Caribe Royale Resort аренасында өтеді. Міндетті қарсылас болып бекітілген жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады. 

Әлімханұлы мен Михайлович кездесуі бокс кешіндегі екінші маңызды жекпе-жек болады. Басты шайқаста Тим Цзю мен Бахрам Муртазалиев жұдырықтасады. 

Бастапқыда Жәнібек пен Андрей жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған еді. Алайда отандасымыз салмақ қуу кезінде есін жоғалтып, ауруханаға түсіп, шайқас кейінге қалдырылған болатын. 

Айта кетейік, қазір қазақстандық боксшы оқу-жаттығуын елімізде өткізіп жатыр. Оған ұлттық құраманың экс-бапкері Мырзағали Айтжанов көмектесуде.