Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден сәтті өтті, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
Жәнібек Әлімханұлының салмағы 72,38 келі болды. Андрей болса 72,54 келі салмақпен шығады. IBF ережесіне сәйкес қазақ боксшысы 4 қазанда таңертең тағы бір рет салмақ өлшеу рәсімінен өтеді.
Бокс кеші 4 қазан күні Сиднейде (Аустралия) өтеді. Жәнібек орта салмақта IBF және WBO нұсқасындағы екі белбеуін де қорғайды.
No drama show! @QazaqStyle easily makes weight ahead of his Oct 4 defense 🇰🇿 pic.twitter.com/UMtnVivH60 — Top Rank Boxing (@trboxing) October 3, 2024
Айта кетейік, екі боксшы шілде айында жұдырықтасуы керек болған. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалған болатын. Нәтижесінде, жекпе-жек кейінге шегерілген еді.