Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Фото ©️ ©Top Rank

Орта салмақтағы IBF және WBO чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) титулды жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 сәуірде Астанада Жәнібек Әлімханұлы титулдарын франциялық Анауэль Нгамиссенгеден (14-0, 9 КО) қорғайды.

БӨЛІСУ

"Біреу "5 сәуірде менен тиулдарымды тартып аламын" дейді. Бәріңіз білгеніңіз жөн, 5 сәуірде нокаут болады және оның құлағанынан жер сілкінеді", - деп жазды Әлімханұлы Х желісінде. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!