Жанат Жақиянов WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

Серікбол Ерсін Корреспондент
Серікбол Ерсін>
Жанат Жақиянов WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды
Фото ©️ vk

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) аса жеңіл салмақта WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы венесуэлалық Йонфрес Парехоны (17-1-1, 8 КО) ұпай айырмасымен жеңді. 

БӨЛІСУ

Монте-карлода өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жанат Жақияновтың жекпе-жегін KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Осылайша, қазақстандық боксшы WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тартып ала алды.  

Еске салайық, ертең, 8 қарашада таңғы 08.00-де қазақ боксшысы Қанат Ислам Доминикан Республикасының боксшысы Джонатан Батистамен жұдырық түйістіреді. Қанат Ислам бірінші орта салмақта WBA Fedelatin атағын екінші рет қорғайтын болады.

Дереккөз: tengrinews