Жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Фото ©️ royal-betting.net

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Сондай-ақ, Монакода өткен салтанатты шарада өткен маусымдағы Еуропаның үздік футболшысы болып Криштиану Роналду танылды.

БӨЛІСУ

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астананы» жарыс жолынан шығарған Шотландияның «Селтик» клубы «С» тобына түсті. Бұл топта «Барселона» (Испания), «Манчестер Сити» (Англия) және «Боруссия Менгладбах» (Германия) клубтарына қарсы ойнайтын болады.

Жеребе қорытындысы:

"А" тобы: "Пари Сен-Жермен" (Франция), "Арсенал" (Англия), "Базель" (Швейцария), "Лудогорец" (Болгария);
"В" тобы: "Бенфика" (Португалия), "Наполи" (Италия), "Динамо" (Киев, Украина), "Бешикташ" (Түркия);
"С" тобы: "Барселона" (Испания), "Манчестер Сити" (Англия), "Боруссия" (Менхенгладбах, Германия), "Селтик" (Шотландия);
"D" тобы: "Бавария" (Германия), "Атлетико" (Испания), ПСВ (Нидерланды), "Ростов" (Ресей);
"E" тобы: ЦСКА (Ресей), "Байер" (Германия), "Тоттенхэм" (Англия), "Монако" (Франция);
"F" тобы: "Реал" (Испания), "Боруссия" (Дортмунд, Германия), "Спортинг" (Португалия), "Легия" (Польша);
"G" тобы: "Лестер" (Англия), "Порту" (Португалия), "Брюгге" (Бельгия), "Копенгаген" (Дания);
"H" тобы: "Ювентус" (Италия), "Севилья" (Испания), "Лион" (Франция), "Динамо" (Загреб, Хорватия).

Топтық кезеңдегі алғашқы ойындар 14-15 қыркүйек күндері өтеді. Соңғы ойындар 6-7 желтоқсанға жоспарланған.