Жан Косубуцкий кәсіпқой боксқа ауысты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жан Косубуцкий кәсіпқой боксқа ауысты

Аса ауыр салмақта Қазақстан намысын бірнеше бәсекелерде қорғаған былғары қолғап шебері Жан Кособуцкий біржолата кәсіпқой боксқа ауысты. Тіпті, бұл боксшы кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін өткізу үшін дайындықтарын бастап та кетіпті.

БӨЛІСУ

Осыған дейін аса ауыр салмақта өнер көрсететін Жан Косубуцкийдің алда Белорусь құрамасы сапына ауысуы мүмкін екені айтылған-ды. Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов өз ойын білдірген болатын.

- Жан бүгінде Беларусь елінде. Шамасы, сол елдің азаматтығын алып жатқан шығар. Менде ол туралы нақты ақпарат жоқ. Бір айтарым, Кособуцкий Қазақстаннан кетсе кете берсін. Оның кеткеніне біз өкінбейміз. Себебі, ол өте тәртіпсіз боксшы. Өте жалқау. Сөзсіз, оның талантты екені белгілі. Бірақ, қанша талантты болғанымен тәртіпке бағынбаса одан ешқандай да нәтиже шықпайды, - деген еді.

Расында да бұл салмақта ұлттық құрамада мықты боксшылар жетерлік. Мысалы, аса ауыр салмақта ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысы – Иван Дычко бар. Сондай-ақ аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев пен Нұржан Бекзатовтарды әлсіз дей алмаймыз. Қала берді, аса ауыр салмақта ел намысын Руслан Мырсатаев та кез-келген уақытта қорғаймын деп сақадай-сай отыр. Осыны ескерген боксшы кәсіпқой боксқа ауысуды жөн санаған секілді. Сонымен қатар, Беларусь елінің азаматтығын әлі алмаған. 

Жан өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 28 наурыз күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткізеді. Қарсыласы - Захари Бюнс. Осыған дейін кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіп, біреуінде жеңілген. 

Сурет: alaman.kz

Оқи отырыңыз

Жәнібек Әлімханұлы «Astana Arlans» сапында алғашқы жекпе-жегіне шығады

Венгрияда бір боксшымыз ғана жеңімпаз тұғырынан көрінді

Әділбек Ниязымбетов шаршы алаңға сәуірде оралады