Күрес түрлерінен Олимпиадаға енбеген салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова финалға шықты, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
72 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Жәмила моңғол қызы Болортунгалаг Зоригттен айласын асырды. Бірінші кезеңде 6:3 есебімен жеңіп шықса, белдесуді 8:6 есебімен аяқтады.
Финалда Жәмила Бақбергенова жапон қызы Ами Ишимен белдеседі. Бұл белдесу ертең сағат 22:00-де басталады.
Айта кетейік, бүгін боз кілемге шыққан Зульфия Яхьярова (55 келі), Диана Каюмова (59 келі) мен Ирина Казюлина (65 келі) 1/8 финалдағы белдесулерінде жеңіліп қалды.