Жалоловты 4 рет жеңген қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегіне шығады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жалоловты 4 рет жеңген қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегіне шығады
Фото ©️ Warren Little

Ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) жыл соңында жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Иван Дычко 27 желтоқсан күні Алматыда өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Бұл туралы All Stars Boxing промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кетейік, Дычко кейінгі айқасын тамыз айында АҚШ-та өткізіп, жергілікті боксшы Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALL STARS BOXING (@all.stars.boxing.kz)

Ал әуесқой бокста Иван Дычко Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанған өзбек Баходир Жалоловты төрт рет жеңген қазақстандық жалғыз боксшы.