Жалғыз қолмен жеңіске жеткен жігіт

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент
ЮРИЙ НИКУЛЛИН>
Жалғыз қолмен жеңіске жеткен жігіт

Америкалық Майкл Константино есімді былғары қолғап шебері әуесқойлар арасындағы алғашқы кездесуін Натану Ортисуға қарсы өткізіп, жалғыз қолмен-ақ жеңіске жетті. Бұл туралы NEWSru.com порталы хабарлайды.

БӨЛІСУ

Нью-Йорк қаласында өткен жекпе-жекте Майкл Константино Натану Ортисуды кездесудің небәрі екінші кезеңінде-ақ нокаутпен жеңді.

«Мен тек өмірде адамның қолынан барлығы келетінін дәлелдегім келді. Егер тынбай еңбек етсеңіз, бұл өмірде барлық мақсаттарыңызға жетесіз»,- дейді Константино.

Айта кетейік, 33 жастағы Майкл Константиноның туылғаннан бастап шынтақ сүйегі жоқ. Ол 13 жасынан бастап бокспен айналысып келеді. Осы уақытқа дейін, АҚШ-тың «Алтын қолғап» атты біріншілігіне екі мәрте қатысып, бір рет ширек финалдық кезеңіне дейін жеткен. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: gazeta.ru