Жаға жыртысқан Жозе мен Арсен жазаланбады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жаға жыртысқан Жозе мен Арсен жазаланбады

Англия футбол федерациясы премьер-лига ойындарының VII тур ойындарында келіспей қалған лондондық «Челси»  мен «Арсенал» командаларының бас бапкерлерін жазаламады. Бұл туралы The Telegraph хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Кеше өткен кездесудің бірінші таймының ортасына қарай Жозе Моуринью мен Арсен Венгер сөзге келіп, келіспей қалған болатын. Алексис Санческе қарсы дөрекі ойын ережесін бұзған Гари Кэйхиллдің алаңнан қуылуын талап еткен «канонирлер» бапкері жолында тұрған португалдық маманмен сөзге келген. Мұны аңғарған бас қазы Мартин Аткинсон қос тарапты ауызша ескертумен шектеген-ді. Бүгін FA қос футбол маманына арнайы жаза кеспеді.

Естеріңізге сала кетсек, «ақсүйектер» кеше өз алаңында «Арсеналды» екі доп басымдығымен жеңген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:eurosport.ru