Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы көптен күткен жеңіске қол жеткізді. Елордалық команда биылғы маусымда 12 матчта жеңілген болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрлықтық хоккей лигасында "Барыс" пен "Авангард" ойнап, елордалық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық хоккей клубы бұған дейін жеңілістен көз ашпай келе жатыр еді. Нақтыласақ, 14 ойын өткізіп, оның 12-де жеңілген. Нәтиже бойынша турнир кестесінің соңғы орынында тұр.
"Барысқа" жеңіс сыйлаған жалғыз голдың авторы - Даниил Апальков. Гол алғашқы кезеңде салынды. Қалған екі кезеңде қарсыластың қақпасына шайба соққан спортшы болмады.
Былтыр және биыл, екі маусымда да сәтсіз өнер көрсеткен "Барыс" бірнеше рет бас бапкер ауыстырған болатын. Жақында ғана клубтың бас директоры Борис Иванищев отставкаға кеткен еді. Келесі ойында "Барыс" жеңіске жетті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз