Иван Дычко мексикалық "Суперменді" бірінші раундта жеңді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Иван Дычко мексикалық "Суперменді" бірінші раундта жеңді
Фото ©️ vk.com

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко (3-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

Иван Дычко АҚШ-тың Флорида штатында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Қазақстандық боксшының қарсыласы мексикалық Карлос Сандовал (10-15-1, 6 КО) "Супермен" деген лақап атпен танылған екен. Жекпе-жек алты раундқа есептелгенімен қазақстандық боксшы қарсыласын алғашқы раундта-ақ жеңіп шықты. Иванның дәл тиген жойқын соққысы қарсыласын есеңгіреткеннен кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі жартылай ауыр салмақта WBC чемпионы болған канадалық Жан Паскаль (31-5-1, 18 КО) мен 27 жастағы мысырлық Ахмед Елбиали (16-0, 13 КО) арасында болғанын айта кетейік.

Еске салайық, 27 жастағы Иван Дычко кәсіпқой боксқа биыл өтіп, алдыңғы екі жекпе-жегін де уақытынан бұрын аяқтаған.