Бокстан Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында Иван Дычко қытайлық Ванг Жибаоны жеңіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды.
БӨЛІСУ
Қазақстан ұлттық құрамасының ауыр салмақтағы боксшысы финалда «аспан асты елінің» былғары қолғап шеберін айқын басымдықпен жеңді. Тіпті үшінші раундта қарсыласын нокдаунға да түсірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.
Айта кетейік, Иван Дычко 2013 жылы Амманда өткен Азия чемпионатының финалында өзбек Изатулла Эргашовты жеңіп, чемпион атанған еді.