Иван Дычко да алтынға таласады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Иван Дычко да алтынға таласады

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі өнер көрсететін Иван Дычко жартылай финалда неміс Эрик Пфайферді жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

БӨЛІСУ

Иван Дычко жартылай финалға дейін жалғыз ғана кездесу өткізді. Алғашқы айналымнан босатылса, екінші айналымда венгр Иштван Бернадтан басым түскен еді. Ширек финалда Иванның қарсыласы медициналық тексерістен өте алмады. Енді жартылай финалда Эрик Пфайфермен кездескен Иван Дычко қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, ұлттық құрама сапынан ақытық сынға жолдама алған алтыншы былғары қолғап шебері болды. Енді жерлесіміздің финалдағы қарсыласы - әзірбайжандық Могамедрасул Меджидов. Кездесуді жақында ғана Владимир Кличкодан жеңіліс тапқан Александр Поветкин де тамашалады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін ақтық сынға Қазақстан құрамасының сапынан Біржан Жақыпов (49 келі), Мерей Ақшалов (64 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әбдірахманұлы (75 келі) және Әділбек Ниязымбетов (81 келі) шыққан болатын. Ал Берік Әбдірахманов (60 келі) пен Қайрат Ералиев (56 келі) жартылай финалда сүрініп, қола жүлдені қанағат тұтқан еді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбаев

Сурет: sports.kz