Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутпен жеңді
Фото ©️ Proboxtv

Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 14 айдан кейін шаршы алаңға оралды. Ол Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңіп шықты. 

БӨЛІСУ

Иван америкалық Крейг Льюиспен (15-8-1, 8 КО) жұдырықтасты. Қорғаныста мығым, шабуылда ширақ болған Дычко қарсыласын жойқын соққыларымен бірнеше рет есеңгіретті. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті екінші раундта тоқтатты. 

Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның 13-де қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шыққан. 

Америкалық спорт мамандыра Иван мен өзбек боксшысы Баходир Жалоловтың жекпе-жегі қызық болады деп болжайды. Қос боксшы әуесқой бокста төрт рет жолыққан, оның бәрінде қазақстандық жеңіске жеткен еді.